Алик Шпекбаев: кәсіпкерлерді қорғауға басымдық береміз

495



Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша IV республикалық кәсіпкерлер форумында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев:

«Бизнестің мүдделерін қорғай отырып, біз кәсіпкерлердің санасын өзгерту бойынша жұмыс жасаймыз. Бизнесті жүргізудегі парасаттылық мызғымас стандартқа айналуы керек», – деді.

Бұл үрдіс квазимемлекеттік және жеке секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтының толық енгізілуімен айтарлықтай жанданды.

Сондай-ақ, Агенттік Төрағасы алдағы кезеңге арналған басымдықтармен таныстырды:

Бірінші. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілерінің аясын кеңейтуге ерекше мән бере отырып, 2025 жылға дейінгі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны кезең-кезеңімен іске асыру. Осы ретте, сыбайлас жемқорлық ұғымы жеке секторға тарату ұсынылып, сол арқылы шағын және орта бизнесті қорғауға мүмкіндік туады.

Екінші. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою.

Бюджет миллиардтаған қаражат жыл сайын әлеуметтік нысандарды салуға, сумен қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығын және т. б. дамытуға бөлінеді.

Алайда, бүгінгі таңда квазимемлекеттік сектор субъектілері бюджеттен алынған қаражатты екінші деңгейдегі банктердегі ұзақ мерзімді депозиттерге орналастыруы сияқты тәжірибе қалыптасқан.

Жұмысты уақтылы және сапалы орындамай, «пайда алу» мақсатын ғана көздеу мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуына қауіп төндіреді.

Бүгінгі күні Агенттік ҚазАгро - Аграрлық несиелеу корпорациясына қарасты ұйымға қатысты тергеу жүргізуде. Оның басшылығы заңсыз сыйақы үшін Хоум Кредит Банкіндегі депозитке ауыл кәсіпкерлерін жеңілдікпен несиелендіруге арналған 11 млрд. теңгені салған.

Осының барлығы заңнамадағы кемшіліктерге жол берсе, оларды жою бойынша Агенттік жұмыс істеуде.

Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі олардың іске асырылуын қоғамдық бақылауға тікелей байланысты.

Агенттіктің бүкіл ел аумағында жүзеге асырған «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» бақылау құралы бола алады.

Картаны «Халықтың қатысу бюджеті» модулімен толықтыру жоспарлануда, соның көмегімен азаматтар өздері қаржыландыратын нысандарды анықтай алады.

Үшінші. Әлемдік тәжірибеге сәйкес, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюдың тиімді әдістерінің бірі – мемлекеттік қызметтерді ауқымды автоматтандыру.

Бүгінгі таңда Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің 88%-ы электронды түрде көрсетіледі.

Бір қарағанда, бұл жақсы көрсеткіш.

Алайда, тек қағаз жүзінде көрсетілетін 12%-да ең жоғары жасырын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар.

Атап айтқанда, жер қатынастары, сәулет, құрылыс, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді субсидиялау салаларындағы мемлекеттік қызметтер әлі күнге дейін сыбайлас жемқорлықтың сарқылмас көзі болып отыр.

Әкімдіктер ведомстволық бағынысты табиғи монополиялар субъектілері көрсететін қызметтерді автоматтандыру мәселесін шешуі қажет.

Бұл күнделікті өмірде әр адам, соның ішінде кәсіпкерлер де тап болатын жарық, су, жылу, газ мәселелері.

Тек бизнес-үрдістерді толық цифрландыру ғана барлық сыбайлас жемқорлық амалдарын жабуға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, Агенттік кəсіпкерлер үшін біршама сезімтал салаларда мониторинг пен талдау жүргізуді жалғастырады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -