Қазақстан Президенті жаңадан тағайындалған Оман Сұлтанын құттықтады

435



Қасым-Жомарт Тоқаев Оманның жаңадан тағайындалған Сұлтаны  Хайсам бен Тариқ Әл Саидті Қазақстан халқының және Өзінің атынан құттықтап, жеделхат жолдады.

Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының экономикасы қарқынды дамып, халқының әл-ауқаты артып отырған мемлекет екенін айта келе, Хайсам бен Тариқ Әл Саидтің басшылығымен Оманның одан әрі өркендеп, мерейі өсе беретініне сенім білдірді.

«Екі ел арасындағы достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастықты келешекте де халықтарымыздың игілігі үшін әрі қарай өрістету мақсатында Сізбен бірлесе күш-жігер жұмсауға дайын екенімді қуаттаймын. Сіздің аса жауапты қызметіңіз бен барлық игі бастамаларыңызға мол табыс, ал достас Оман халқына ырыс пен құт-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -