Атырау облысы әкімінің есеп беру жиынына 2000-нан астам адам қатысты

602


Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың халық алдындағы есептік кездесуіне 2000-нан астам адам қатысты. 2019 жылдың қорытындысы мен алдағы жоспарларды таныстырған кездесуді әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирден облыстың барлық аудандарында көрсетілді. Тікелей эфирді көрушілердің саны 40 000 адамға жетті. 

Нет описания фото.
Нет описания фото.

Өңір басшысы атап өткендей, біздің ортақ міндетіміз - азаматтардың барлық сындарлы сұраныстарына тез әрі тиімді жауап беретін «Естуші мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында мәлімдеді. Билік пен қоғамның бір болуының арқасында  ғана қазіргі заманғы геосаясат жағдайында үйлесімді мемлекет құрыла алады. Сондықтан, азаматтық қоғамды қолдау және нығайтып, ең маңызды ұлттық мәселелерді талқылауға тарту қажет.
Өткен жылы облыс әкімдігіне 3 мыңнан астам өтініш пен шағым түскен. Мәселелер  жергілікті атқарушы органдардың жауабын талап етті. Барлық өтініш білдірушілер қажетті кеңестерін алып, мәселесінің шешу жолдарын да біле алды.

- Өткен жылы облыс әкімінің  жеке қабылдауына 846 тұрғын келді. Оның ішінде 57 адамның  шешімі оң қабылданып, қалғандарына қажетті кеңестер мен түсіндірулер жүргізілді. Бүгінде  тұрғындар өз мәселелерінің шешімін тауып, сұрақтарын жолдау үшін әлеуметтік желілерде көптеген жұмыстар атқарылуда. Біз өз кезегінде осы аталған жұмыс барысына ерекше назар аударамыз. Өзім де  халыққа жақын болу мақсатында «Facebook»,  «Instagram» әлеуметтік желісінде жеке парақшамды аштым. Атырау облысы әкімдігінің «Telegram» чатында да  белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы жұмыстардың нәтижесінде күн сайын халықтың барлық өтініштері қаралып, тиісті мемлекеттік органдарға қажетті нұсқаулық берудемін, - деді Махамбет Досмұхамбетов.


Облыс әкімі өткен жылы облыс әкімдігінің Telegram каналына 11 111 сұрақ түскенін еске салды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 17 ақпанында облыс әкімдігінің бірінші қабатында «Азаматтарды қабылдау» кеңсесі ашылды. Барлық адамдар қабылдау күндері келіп, сұрақтарына жауап ала алады.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -