Қазақстанда короновирус тіркелген жоқ

493



Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында коронавирус инфекциясы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері бүгінгі жағдай туралы ақпарат берді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасов және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшарип елімізде короновирус тіркелмегенін мәлімдеді.

2020 жылдың 17 ақпанында ҚР-да коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын одан әрі күшейту туралы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бекітілді. Аталған қаулыға сәйкес 20 ақпан 2020 жылы коронавирустық инфекция тіркелген барлық елдерден келген азаматтар үш санатқа бөлініп қаралады. Бірінші санатқа ҚХР-дан тікелей келген адамдар кіреді. Олар 14 күнде жұқпалы стационарларда оқшауланып, карантинге орналастырылады, одан кейін 10 күн медицина қызметкерлерінің үй бақылауында болады. Бүгінгі күні 4 400 резервтік төсек дайындалды. Екінші санатқа коронавирусты жұқтырудың 10-нан астам жағдайы тіркелген елдерден келгендер кіреді. Бұл жағдайда келгендер 14 күн ішінде үй карантиніне орналастырылады. Бақылау медициналық қызметкерлердің үйге баруы арқылы жүзеге асырылады. Үй карантинінен кейін 10 күн ішінде жағдайды бақылау мақсатында телефон арқылы қоңырау шалу жүргізіледі. Үшінші санатқа жұқтырудың тіркелген 10 жағдайы бар елдерден келген адамдар кіреді. Бұл жағдайда бақылау карантинге орналастырмай 24 күн ішінде телефон қоңыраулары арқылы жүргізілетін болады.

«2020 жылдың 19 ақпанына ҚХР-да коронавирусты инфекцияның жаңа түрі бойынша 72 528 расталған ауру оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 1868 өліммен аяқталған. 12 552 адам сауығып шығарылды. Хубэй провинциясының 16 қаласына карантин енгізілді»,- деді Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасов.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -