Елордада 900 литр антисептикті заңсыз сату фактісі тойтарылды

387



Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы және Полиция департаменті қызметкерлерінен тұратын бірлескен мобильді топ жалпы мөлшері 900 литр, әрқайсысы 5 литрлік 180 дана пластикалық сауыттарға құйылған медициналық препараттарды заңсыз көтерме сауда өткізу фактісін тойтарды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Карантин уақытында елордалық құқық қорғау органдары медициналық заттарды заңсыз әзірлеу, көтерме бағамен сату фактісі бойынша қала бойынша тексеріс жұмыстарын жүргізуде.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері рейд барысында тұрғын үйдің базасында жасақталған кішігірім цехты анықтап, азаматтардың контейнерлерде 9 тонна спирттік сұйықтықты заңсыз сақтағандығы айқындалды. Заңсыз жасалған және сатуға арналған өнімнің жалпы сомасы 27 млн. теңгені құрайды.

Медициналық препараттарды сату және этиль спиртін айналымға шығару лицензиялық қызмет түріне жататындығын ескере отырып, лицензиясыз заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 214-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.    

Шұғыл тергеу әрекеттерін жүзеге асырған соң, қылмыстық іс Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Қазіргі уақытта төтенше жағдай режимінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша елорданың құқық қорғау органдарымен тиісті жұмыстар жалғастырылуда.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -