ҚР Премьер-Министрі импорт алмастыру және экспортты ілгерілету жөніндегі ВАК отырысын өткізді

704



ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Импортты алмастыру және экспортты ілгерілету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның алғашқы отырысы өтті.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р. Скляр және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов «қарапайым заттар экономикасы» салаларын, жергілікті қамтуды және импортты алмастыруды дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Осы жылдың 31 қаңтарындағы жағдай бойынша «қарапайым заттар экономикасын» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша 236 млрд теңге сомасына 993 жоба (АӨК – 700, өңдеу секторы – 210, АӨК қайта өңдеу – 83) мақұлданды. Екінші деңгейлі банктердің қарауында 201 млрд теңгеге 295 жоба жатыр. Осылайша, жақын арада жалпы сомасы 437 млрд теңгені –  72,7% игеру болжануда.

2019 жылдың екінші жарты жылдығында отандық тауар өндірушілерде (ОТӨ) жеңіл өнеркәсіп саласындағы реттелетін сатып алулар көлемі жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда 58%-ға, жиһаз өнеркәсібінде 72%-ға ұлғайды. Қабылданған шаралар салалардың макрокөрсеткіштеріне оң әсер етті. Мәселен, жыл қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 7%-ға, негізгі капиталға салынған инвестициялар 18,7%-ға өсті.

Биыл өндірістерді дамытуды қолдаудың ұтымды құралдарының бірі квазимемлекеттік сектор мен ОТӨ арасындағы оффтейк-келісімшарттар механизмі болады.

Жобалық офис реттелетін сатып алуларда 3,9 трлн теңге сомасына импортты алмастыру әлеуеті бар 362 тауарды топтастырып, іріктеп алды. Бүгінгі таңда бизнес қоғамдастықпен бірлесіп импортты алмастыру бойынша 198,6 млрд теңгеге 70-тен астам жобаны пысықтау жұмыстары басталды.

Өңірлер бөлінісінде жобалардың ең көп саны Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында ұсынылған. Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша жобалар ұсынылмаған.

Отырысқа қатысушылар ағаш өңдеу, жиһаз, химия, тоқыма, аяқ киім және басқа салалардағы импортты алмастыру жөніндегі бірқатар нақты жобаларды қарады.

Мемлекеттік қолдау алатын бизнеске әр субъект бойынша мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін «Өнеркәсіп» ақпараттық жүйесін дамыту жөніндегі жұмыс барысы талқыланды.  

Үкімет басшысы импортты алмастыру және экспортты ілгерілету бойынша белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырды. 

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -