Алматы облысы бойынша МКД-де "ҚР ҚМ МКК табысты басқару қызметіндегі коммуникативтік құзыреттілік техникасы" тақырыбында семинар-тренингі өтті

810


Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінде 2020 жылғы 26-28 ақпан аралығында Департаменттің басшылық құрамы, оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басшылары үшін "ҚР ҚМ МКК табысты басқару қызметіндегі коммуникативтік құзыреттіліктердің техникасы" атты семинар-тренинг өтті.

На изображении может находиться: 2 человека, люди стоят, костюм и в помещении

Семинар-тренингке Алматы облысы бойынша МКД басшысы Т.К.Сарсембаев, облыстық МКД басшысының орынбасарлары А.Т.Сауданбеков, С.А.Дынбаев, Д.Н.Маулетов, Департамент басқармаларының, "Достық" кеденінің, кеден бекеттерінің және Алматы облысының аудандары мен қалаларының Мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары қатысты.

Дәріскер - профессор, психология ғылымдарының докторы, медицина ғылымдарының кандидаты, "Халықаралық құзыреттер академиясы" ЖШС директоры, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының профессоры, Geneva Business School профессоры, ҚР Қаржы министрлігі Қоғамдық кеңес президиумының мүшесі, ҚР адвокаттарының тәртіптік комиссиясының мүшесі, Еуразиялық полиграфологтар қауымдастығының мүшесі, Қазақстан дәрігерлері мен провизорлары қауымдастығының құрметті мүшесі Асылбекова Лейла Өмірзаққызы болды.

Асылбекова Л.Ө. Қазақстанда және шетелде 80-нен астам ғылыми еңбектердің авторы, соның ішінде өнертабысқа 2 авторлық куәлікке, зияткерлік меншік туралы 9 куәлікке, 1 оқулық, 4 монография, 3 әдістемелік құрал.

На изображении может находиться: 2 человека, люди стоят и в помещении

Семинар салықтық әкімшілендіруді реформалау жобасы аясында өткізілді, үш жұмыс күні ішінде семинарға қатысушылар өздерінің жеке құзыреттерін анықтау үшін тестілеуден және басқа да қызықты психологиялық тестерден өтті.

На изображении может находиться: 1 человек, стоит и в помещении

Мемлекеттік қызметте кадр саясатын және адам ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызметшілердің жеке қасиеттерін жетілдіру үшін дәріскер Л.Ө.Асылбекова келесі мәселелер бойынша оқу жүргізді:

-    логикалық және мінез-құлық интеллектісін бағалау;

- жаңа уақыт жағдайында басқарудың озық тәжірибесі мен әдісін, оның ішінде кәсіби қызметте басқарудың жеке мүмкіндіктері мен технологияларын кеңейту мәселелері бойынша оқыту;

- жанжалды жағдайлар жасау кезінде басқарушылардың көшбасшылық қасиеттерін және тиімді медиацияны дамыту, сендіру әсерін білу;

- бейвербалды қарым-қатынас өнеріне оқыту;

- тайм-менеджментке, жұмыс уақытын дұрыс басқаруға үйрету.


Семинарда нақты мысалдарда жеке аралық қарым-қатынастың әдіс-тренингтері көрсетілді, дәріскер тұлға аралық қарым-қатынастың мәні мен құрылымын ашты, тұлғаның өзін-өзі бағалауын өткізу тәсілдері мен табысқа жетудің оң жолдарын көрсетті.

На изображении может находиться: 1 человек, стоит

Тренинг барысында психология ғылымдарының докторы, жеке басының өсу кеңесшісі Л.Ө.Асылбекова Департамент басқармаларының басшыларына кәсіпқойлықты арттыру және жеке-іскерлік қасиеттерін жетілдіру бойынша практикалық құнды ұсыныстар берді.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -