2020 жылғы 28 ақпанда Елші Б.Иманбаевтың Малайзияның әкімшілік астанасы – Путраджая қаласының мэрі Датук А.Хасиммен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар екіжақты мәдени-гуманитарлық және сауда-экономикалық екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту мәселелерін талқылады.
Айта кетерлік жайт, 2006 жылы қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес Нұр-Сұлтан және Путраджайя бауырлас қалалар болып табылады.