Кафе, мейрамханалар ТЖ режимін сақтауға құлықты емес

469



Қызылорда өңіріндегі мейрамханалар мен букмекерлік кеңселер елде жарияланған төтенше жағдай режимін сақтауға құлық танытпай отыр. 
15 наурыздан бері аймақта рейд жүріп жатыр. Мақсат – Қызылорда халқының өмірі мен денсаулығын қорғау. Сол үшін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары бастаған топ – қалалық прокуратура мен Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері күш біріктіріп жұмыс істеп жатыр.  

Рейд барысында төтенше жағдай кезіндегі жалпыға ортақ тәртіпті сақтамаған 29 дәмхана мен мейрамхана, букмекерлік кеңсе мен компьютерлік клубының иелері анықталды.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша 17 әкімшілік іс сот құзырымен онлайн режимде қаралып, 13 адамға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынса, 4 азаматқа әкімшілік қамауға алу жөнінде сот үкім кесті.

Бүгінгі таңда төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау қатаң бақылауда және осы бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -