Перейти к основному содержанию
11 Января 2019  11

Темір жол жабдығы ұрлығынан қазынаға 34 млн теңге шығын келген

Темір жол жабдығы ұрлығынан қазынаға 34 млн теңге шығын келген

Былтыр темір жол жабдықтарын ұрлау және бүлдіру жағдайы бойынша 237 факті тіркелген. Осылайша компанияға 34 млн теңгеден аса шығын келді. Бұл сома 2017 жылмен салыстырғанда 10 млн теңгеге көп. Ал жол және құрылыс департаменті бойынша 171 оқиға тіркеліп шығын көлемі 25 млн теңгеден асқан. Компания өкілдері болса ұрлықтың көбеюі темір жол апаттарының да артуына әкеліп соғатынын айтады. Олай дейтініміз бір жылдың ішінде темір жол бойында 66 адамды пойыз қаққан. Сондай-ақ машинистер тарапынан 826 рет шұғыл тежеу әрекеті орын алған. 

 

 

Atameken Business

 

фото: АО "НК "ҚТЖ"