Перейти к основному содержанию
6 Мая 2019  7

Нығматулин Ресей Мемлекеттік Думасының Спикері В. Володинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Нығматулин Ресей Мемлекеттік Думасының Спикері В. Володинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының Спикері Вячеслав Володинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Шереметьево әуежайында орын алған ұшақ апатынан қаза болғандардың қайғылы оқиғасы туралы ақпаратты қатты күйзеліспен қабылдадық. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының атынан және жеке өз атымнан марқұмдардың отбасы мен барша жақындарына орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып көңіл айтамын», - делінген жеделхатта.

Нұрлан Нығматулин сондай-ақ, зардап шеккендердің тезірек сауығуына тілектестік білдірді.

 

Баспасөз қызметі parlam.kz