Перейти к основному содержанию
13 Марта 2019  14

2019 жылғы 1-8 наурыз аралығындағы валюталар бойынша шолу

2019 жылғы 1-8 наурыз аралығындағы валюталар бойынша шолу

7 наурыздағы  сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық  бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,9%-ға әлсіреп (375,9-дан), 379,42 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюталық нарықта 2019 жылғы 1 наурыздан 8 наурыз2 аралығында неғұрлым маңызды оқиғалар  Австралия, Канада және ЕОБ-нің негізгі мөлшерлемені бұрынғы деңгейде сақтау туралы шешімі, ЕОБ-нің банктерге арналған нысаналы ұзақ мерзімді кредиттердің жаңа топтамасын жария етуі,  желтоқсан айында АҚШ-тағы сауда-саттық тапшылығының ұлғаюы, қаңтар айында Қытайда экспорттың айтарлықтай қысқаруы (-20,7%г/г) туралы статистиканы жария ету,  АҚШ-тың еңбек нарығындағы біркелкі емес деректердің шығуы: соңғы жарты жыл ішінде жұмыс орындары санының ең аз өсуі (+20 орын), жұмыссыздық деңгейінің   3,8%-ға дейін төмендеуі және жалақының ақпанда 3,4%-ға ұлғаюы болды.  Аталған факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда нығаюына  әкелді. 

Дамушы елдердің валюта бағамдарының3 АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты: 

Үндістан рупиясы  Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығысты де-экскалациялау және қор нарығына шетелдік капиталдың әкелінуі аясында 0,1%-ға (70,91-ден 70,15-ке дейін) нығайды;  

Ресей рублі  инвесторлардың  тәуекелге қызығушылығының төмендеуінің жалпы үрдісі аясында  0,6%-ға  (65,92-ден 66,34-ке дейін) әлсіреді;  

Мексика песосы  ақпанда (3,94% г/г) инфляцияның баялауы туралы деректерді жариялау аясында 1,1%-ға (19,27-ден 19,49-ға дейін) әлсіреді, ол ағымдағы жылы реттеушінің негізгі мөлшерлемені төмендетуі туралы инвесторлардың күтулерін өсіре отырып, ОБ-нің нысаналы дәлізіне (2-4%) кіреді;   

Түрік лирасы 1,3%-ға ( 5,37-ден 5,44-ке  дейін)  әлсіреді. ОБ қатарынан төрт отырыстың қорытындысы бойынша негізгі мөлшерлемені өзгеріссіз сақтап қалды (24%); 

Индонезия  рупиясы  жаһандық экономиканың өсу қарқынының баяулауына байланысты инвесторлардың қауіптенуі аясында  1,4% -ға (14 120-дан  14 314-ке дейін) әлсіреді;  

Оңтүстік Африка ранды  ОАР басқарушы партиясының қазіргі уақытта жеке инвесторларға тиесілі Орталық Банкті мемлекет меншігіне алу  ниеті аясында 1,5%-ға (14,23-тен 14,44- ке  дейін) әлсіреді. 

Бразилия реалы жергілікті БАҚ Президент әйелдердің ең аз зейнеткерлік жасын төмендету мүмкіндігін мойындағаны туралы хабарлауына байланысты зейнетақы заң жобасының  жетілуіне  күннен күнге өсіп келе жатқан алаңдаушылық аясында 2,4%-ға (3,78-ден  3,87-ге дейін)  әлсіреді. 

1

Дамушы елдер валютасының серпіні (22 ақпан 2019=100, индекстің өсуі – валютаның нығаюы)

1

 

фото: HotSpot