Перейти к основному содержанию
23 Мая 2019  6

Мукополисахаридозға шалдыққан науқастарды ерте анықтау және менеджмент мәселелері

Мукополисахаридозға шалдыққан науқастарды ерте анықтау және менеджмент мәселелері

Тәжірибе алмасу мақсатында өтіп жатқан семинарға Әзірбайжан және  Қазақстанның барлық өңірінен педиатриялық бейіндегі 40-тан астам дәрігерлер қатысуда.   

енркен56нере

         Шеберлік сыныптың басты мақсаты – балалардағы мукополисахаридоз ауруын қазіргі заманғы емдеу әдістері бойынша дәрігерлерің теориялық білімі және практикалық дағдыларын әрі қарай жетілдіру және  асқынулардың алдын алу және оны емдеудің заманауи әдістерін оқыту.

ан54некнк5

         Шараны ашқан Мукополисахаридоз бойынша республикалық үйлестіруші, медицина ғылымдарының докторы, Педиатрия орталығы консультациялық-диагностика бөлімінің балалар гастроэнтерологы Майра Шарипова арнайы баяндама жасап, Қазақстандағы сирек аурулар  мәселелерінің қазіргі жағдайымен таныстырып өтті.

авпн5кн5н5н5

         Семинар барысында  мукополисахаридоз ауруы кезінде жүйке және қимыл-тірек жүйелерінің зақымдануы, медикаментозды түзету мүмкіндігі, олардың хирургиялық емдеуге көрсетілімі, сирек ауруға шалдыққан пациенттерге анестезиологиялық жәрдем кезіндегі қиындықтар және олардан арылудың жолдары, ерте диагностикалау және т.б. мәселелер бойынша баяндамалар жасалып, түрлі күрделі клиникалық жағдайлар қаралатын болады.

авпе45не54п

         Семинар екі күнге жалғасады.

         Шараның екінші күні Германиядан келген Сирек аурулар орталығының  білікті дәрігері, медицина ғылымдарының докторы Кристина Лампе арнайы баяндама жасап, қазақстандық әріптестерімен сирек ауруларды, оның ішінде мукополисахаридозды емдеу бойынша тәжірибесімен бөлісетін болады.

српкенкн

         Айта кетейік, Педиатрия және ба­лалар хирургиясы ғылыми орталығы 2011 жыл­дан бастап сирек кездесетін аурулар бойынша үйлестіруші болып белгіленген. Сондықтан ғылыми орталық дә­­рігер­лер­дің білімі мен біліктілігін кө­теру, бұл ауруларды ерте анықтау мен емдеу бойынша  мамандар арасында түрлі сабақтар, шеберлік сыныптар мен семинарлар өткізіп отырады.

 ап45н5н5не

Анықтама: Мукополисахаридоз – сирек кездесетін, тұқымқуалайтын гендік ауру. 

авкекуекеп5476567

 «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» баспасөз қызметі