Перейти к основному содержанию
19 Февраля 2019  16

С. Жұманғариннің ҚР Президентінің тапсырмаларын орындау аясында коммуналдық қызметтерге тарифтердің төмендеуі туралы сұхбаты

С. Жұманғариннің ҚР Президентінің тапсырмаларын орындау аясында коммуналдық қызметтерге тарифтердің төмендеуі туралы сұхбаты

2018 жылғы қарашада Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы коммуналдық қызметтердің тарифтерін төмендету және тариф қалыптастыру жүйесінің айқындығын арттыру жөнінде кешенді жұмыстар жүргізуді тапсырды. Биыл ақпан айында Қазақстан азаматтары қаңтар айында көрсетілген қызметтердің жаңартылған тарифтік кестеге сәйкес түбіртектерін алды.

PrimeMinister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин қызметтер бағасының төмендеуі туралы айтып берді.

Қазақстандықтар ақпан айында төмендетілген тарифтер бойынша коммуналдық қызметтердің түбіртектерін алды, онда тек дәстүрлі бағыттар бойынша емес, сондай-ақ кондоминиумның көрсеткен қызметіне төмендетілгенге дейінгі және төмендетілген бағалар көрсетілген. Ұлттық экономика вице-министрі С. Жұманғариннің айтуынша, азаматтар тарифтерді қалыптастыру саласындағы реформаларды толық түсінуі үшін түбіртектерде айырмашылық көрсетілген.

«Бұны біз адамдар бағаның айтарлықтай төмендегенін сезінуі үшін жасадық. Қазақстан халқының басым бөлігі сандарға аса көңіл бөлмей, тарифтерді төлейді. Тарифтерді тек 1 қаңтарда төмендеткен жоқпыз, бірқатар тарифті өткен жылғы 1 қарашадан бастап азайттық. Бұл Бас прокуратурамен бірлесіп жүргізген тексерістер барысындағы жұмыспен байланысты, бұл – табиғи монополиялардың түрлі субъектілеріне қатысты енгізілген өтемдік тарифтер», — деді С. Жұманғарин.