Перейти к основному содержанию
20 Февраля 2019  16

Тарифті саралау: жылу мен электр қуатына жұмсалатын шығынды қалай азайтуға болады

Тарифті саралау: жылу мен электр қуатына жұмсалатын шығынды қалай азайтуға болады

Президент тапсырмаларын орындау аясында Қазақстанда жаңа тариф кестесі енгізіліп, табиғи монополиялар субъектілері жұмысының айқындығын арттыру, сондай-ақ тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамдарын күшейту шаралары қабылданды. Тұтынушылар нені білуі керек және тұтынатын қызметтер көлемін қалай төмендетуге болатыны туралы PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин айтып берді.

Вице-министрдің айтуынша, ұсынылатын қызметтердің сапасы мен тариф қалыптастырудың айқындығын қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесінде цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр, олар аталған қызмет көрсету саласын едәуір жаңғыртуға мүмкіндік береді.

«Елбасы жақында жаңа заңға қол қойды, ол бүгінде күшіне енген, онда өте көп қосымша бар. Енді табиғи монополиялар субъектілері өтінімдерді тек электронды форматта беретін болады. Егер адамның қандай да бір бастапқы экономикалық білімі болса, онда ол сол өтінімді қарап, өз ескертулерін айта алады», — деді С. Жұманғарин.

Еліміздің барлық өңірлерінде 102 қоғамдық қабылдаулар ашылды, олар халық тарапынан түсетін шағымдар мен ұсыныстарды қабылдайды, олардың нәтижесі бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізіледі. Бұдан өзге, тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдарын нығайту жұмыстары қолға алынған. Енді әрбір өңірде кемінде 3 қоғам жұмыс істейтін болады, сондай-ақ экономикалық немесе құқықтық білімнің болуына байланысты біліктілік талаптары енгізілді.

Ұлттық экономика вице-министрі коммуналдық қызметтер бағасында негізгі үлесті жылуды тарифтеу алатынын атап өтті. Осыған орай, С. Жұманғарин азаматтарға жылу мен электр қуатын үнемдеудің қарапайым тәсілдері туралы бірнеше кеңес берді.

«Бізде тарифті саралау жұмыстары жүргізіліп жатыр, яғни жылуды есептеудің үйге ортақ құралдары бар азаматтар, оны орнатпағандарға қарағанда азырақ ақы төлейді. Сондықтан да арнайы құрылғыны сатып алып, оны орнатуды талап ету қажет, өйткені онда мүлдем басқа тарифтер көрсетілген, олар әлдеқайда төмен», — деді ұлттық экономика вице-министрі.

Бұған қоса, С. Жұманғарин Астанада үйлердің 99%-нда қондырғы орнатылғанын айтты.

Сонымен қатар, ұлттық экономика вице-министрі үйдегі энергия көздерін барынша үнемді нұсқаларға алмастыруға кеңес берді.

«Бұл – қарапайым заттар, мәселен, үйде шамдарды ауыстыру, яғни 8–12 ватты заманауи үнемді шамдарды пайдалану қажет. Жарық шығару деңгейі де тура сондай, тіптен олардың кепілдігі бар. Жылу мен электр энергиясы – бұлар қаражатты көп талап ететін қызметтер, мәселен, қайнату ұзақтығы бірдей, дегенмен қуат көзін аз тұтынатын шәйнек сатып алуға болады. Жалпы, қандай да бір техниканы сатып алған кезде, энергия тұтыну деңгейіне қарап алу керек», — деп түйіндеді С. Жұманғарин.

 

фото: Белорусский партизан