Перейти к основному содержанию
20 Февраля 2019  12

Жаңа түбіртектер, өтемдік тарифтер және коммуналдық қызметтер сапасы

Жаңа түбіртектер, өтемдік тарифтер және коммуналдық қызметтер сапасы

Қазақстан өңірлері мен жалпы елімізде коммуналдық қызметтер тарифтері қаншалықты төмендегені, мемлекетке қандай үнем болатыны туралы PrimeMinister.kz берген эксклюзивті сұхбатында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин айтып берді.

Ұлттық экономика вице-министрінің айтуынша, Президенттің 2018 жылғы 7 қарашада Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында 40 күн ішінде кешенді жұмыстар жүргізілді. Шекті тарифтер саясатын іске асыру аясында тарифтердің бағасы артуы тиіс болғанына қарамастан, қабылданған шаралардың арқасында коммуналдық қызметтердің бағасы арзандады. Өткен жылғы қарашада өтемдік тарифтер енгізілді, олардың ортақ сомасы 14 млрд тг құрайды. Ұлттық экономика вице-министрінің түсіндіруінше, өтемдік тариф табиғи монополиялар субъектілері мақсатсыз жолмен пайдаланған сомадан құралады.

«Егер субъект өз қаражаттарын кей жерлерде дұрыс пайдаланбаған болса, біз бұл қаржыны тарифтен алып тастаймыз, сәйкесінше тариф соншалықты төмендейді. Өтемақы кезеңі субъект аталған соманы өтеу қажет болғанда таңдалады», — деді С. Жұманғарин.

Вице-министр тарифтердің төмендеуі коммуналдық қызметтердің сапасына теріс әсер етпейтінін айтты.

«Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласына көптеген инвестициялар құйылды. 1 трлн теңгеден астам тартылды, оның өзі бюджеттен тыс көздерден алынған. Бюджеттен бір тиын да тартылған жоқ. Сонымен қатар, желілердің тозу мәселесі де шешілді. Тозу алғаш рет 1,5%-ға қысқартылды», — деп спикер, ауқымды жұмыстар 2006 және 2008 жылдары жүргізілгенін атап өтті.

Коммуналдық қызметтерге де, кондоминиум қызметтеріне де тарифтерді төмендету жұмыстары орындалды. Нәтижесі — ақпан айында қазақстандықтар қаңтар айында көрсетілген коммуналдық қызметтердің төмендетілген тарифтерге сәйкес түбіртектерін алды. Сондай-ақ, тұтынушыларға тарифтердің төмендетілгенге дейінгі (2018 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі) және төмендетілгеннен кейінгі (2019 жылғы 1 қаңтардан бастап) бағалар көрсетілген ақпарат ұсынылды.

Ұлттық экономика вице-министрінің айтуынша, ең үлкен сома жылумен қамту қызметтеріне алынады. Атқарылған жұмыс қорытындылары бойынша, бұл бағытта 22% дейін төмендету болды. Азаматтар бір жыл ішінде жалпы 6 млрд теңгеге жуық үнемдейді.

«Жылу бойынша ең үлкен чек шығады, төмендету болды, мәселен, Қарағанды облысында 2,7% -дан Шымкентте 22,2 % дейін. Су мен кәріз жүйесі бойынша Павлодар облысында 3%-дан Қызылорда облысында 22,7% дейін. Су мен кәріз жүйесі бойынша үнем шамамен 2 млрд теңге, газбен жабдықтау бойынша – Қызылорда облысында 1,5%-дан Алматы облысында 17,5% дейін – 5 млрд теңгеге жуық үнемделеді. Электрмен жабдықтау бойынша Алматыда 2,8%-дан Атырау облысында 18% дейін – тұрғындар 14,5 млрд теңгеге жуық үнемдейді», — деді С. Жұманғарин.

Осы жылдың басынан бері тарифтерді қысқартуды ескергенде халық шамамен 28 млрд теңге үнемдейді, ал бұған дейін атқарылған жұмыстарды ескерсек, онда тұтынушылардың қалтасында 40 млрд-қа жуық теңге қалады.

 

Фото: amur.info