Қазақстандық спорт Испанияда өз жанкүйерлерін табуда

2778

Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев «KAZAJOZ» велокомандасымен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Анықтама ретінде: «KAZAJOZ» сөзі испан тіліндегі «kazajos» (қазақтар) және «Badajoz» (Бадахос) сөздерінің бірігуінен жасалған.

Cortesía del equipo ciclista “KAZAJOZ”

Кездесу барысында велокоманданың президенті Хосе Антонио Санчес (бұрынғы кәсіби велошабандоз) испандық велоспорттың жаңа командасының құрылуы туралы қызықты оқиғаны айтып берді.

Мұның бәрі Х.А. Санчестің Каталониядағы бапкерлік жұмысы кезінде спортшылардан барын салуды талап ететін ұзақ дене шынықтыру жаттығулары «қазақша жаттығу» деп аталудан басталған. Х.А. Санчес «велоспорт әлемінде шабандоздардың ең жақсы өнер көрсетуін талап ететін жаттығуларды «Астана велокомандалық жаттығулары» немесе «қазақша жаттығу» деп атайтындарын бөлісті.

Cortesía del equipo ciclista “KAZAJOZ”

Кейінірек 2019 жылы Х.А. Санчестің туған жерінде, Бадахос қаласында (Эстремадура автономиясы), «Астананың» философиясына сәйкес дамитын жаңа велокоманда құру идеясы дүниеге келді.

Бүгінгі таңда команда құрамында әртүрлі жас санаттарында 35-ке жуық спортшы бар және олар Испаниядағы жол, трек және тау чемпионаттарына қатысады.

Команда белсенді дамып келеді және бірнеше компаниялармен демеушілік келісімдері бар.

Айта кететін жайт, «KAZAJOZ» спортшыларының шешімі бойынша команда Қазақстанның туы мен ұлттық атрибуттарымен (Астана велокомандасына еліктеп) кезеңдерде өз жетістіктерін атап өтуде.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен спорттық және имидждік жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруға келісті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -