РХБ қорғау әскерлерінің мамандары жапондық әріптестерінің тәжірибесін зерделеді

2057

Жапониядағы Өзін-өзі қорғау күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау жүйесімен танысу үшін қазақстандық әскери қызметшілер РХБҚ әскерлері және экологиялық қауіпсіздік департаментінің бастығы Ержан Құлмағамбетовтың жетекшілігімен бейінді мекемелерге барды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жапония Өзін-өзі қорғау күштерінің Құрлық әскерлерін қорғау-РХБ әскерлерінің бастығы Кентаро Хаякавамен кездесуде аталған саладағы қазақ-жапон ынтымақтастығының перспективалары талқыланды.

Қазақстандық әскерилер радиациялық қауіпсіздік саласындағы зерттеулермен айналысатын РХБ-қорғау мамандарын даярлау орталығына және Ұлттық кванттық ғылымдар және технологиялар институтына барды. РХБ қорғаудың орталық жасағында «Фукусима-1» атом электр станциясында ТЖ салдарын жоюда әскерлерді қолдану тәжірибесімен танысты.

Сапар барысында Жапонияның Өзін-өзі қорғау күштерін РХБ қорғау әскерлерінің техникалық жарақтандырылуы да зерделенді. Тараптар білім, ғылым және қызметтің басқа да бағыттары саласындағы ведомстволардың ынтымақтастығын дамытудағы әлеуетін атап өтті.

 
 
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -