Қазақстан – Бразилия: Рио-де-Жанейро қаласының мэриясында ынтымақтастық мәселелері талқыланды

4020

Рио-де-Жанейрода болған кезінде Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов қала Әкімінің халықаралық мәселелер жөніндегі орынбасары Елші Педро Спадалемен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Келіссөздер барысында тараптар экономика, сауда, мәдениет және білім саласындағы өңіраралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын, сондай-ақ ірі қалаларды урбанизациялау саласында тәжірибе алмасуды талқылады. Сондай-ақ күн тәртібінде Рио-де-Жанейро мен Алматының туыс болуы, бірлескен мәдени-имидждік іс-шаралар өткізу, сондай-ақ Рио-де-Жанейро орталығында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының ескерткішін ашу мәселелері қаралды.

Өз кезегінде Педро Спадале дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуы аясында Қазақстанмен одан әрі ауқымды аймақтық ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -