Атырауда Солтүстік Каспий аймақтық «Atyrau Oil & Gas» көрмесі басталды

2559

Көрмеде Қазақстан, Австрия, Германия, Қытай, Нидерланды, БАӘ, Ресей және Түркияның мұнай-газ саласынан 86 компания өз өнімдерін ұсынды. Шараға облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аталған көрмеге 34 компания алғаш рет қатысып отыр. «Atyrau Oil&Gas» көрмесіне елімізден 58 компания қатысса, оның 18-і Атыраудан, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Atyrau Oil&Gas» көрмесі - көп жылдан бері нарықтағы мұнай-газ секторы мамандарының басын тоғыстырған алаң. Бұл - мұнай және газ өндіру, мұнай-газ жабдықтарын өндіру және инфрақұрылымды дамыту салаларындағы жаңа әріптестік жобаларды іздеу орны. Өйткені мұнда қазақстандық және шетелдік сала мамандары мұнай-газ саласын дамытудың түрлі бағытын және қазіргі заманғы технологияларын ұсынады.

Дәстүр бойынша мұнай-газ өндіруші компаниялар, мұнай-газ жабдықтарын өндірушілер, жеке және өнеркәсіптік қорғау құралдарын өндірушілер, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика өндірушілері өнімдерін ұсынады.

Аталған көрме 5-7 сәуір аралығында өтеді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -