ҚазҰУ Азия кеңесімен серіктестік орнатады

2693

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бас хатшысы Қайрат Сарыбаймен кездесу өткізді. Сұхбат барысында тараптар серіктестік орнату бойынша пікір алмасты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жүздесуде университет басшысы Жансейіт Түймебаев құрметті мейманға ҚазҰУ-дың жетістіктері мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат берді. Сондай-ақ өз сөзінде ректор серіктестік орнату бойынша ұсынысын жеткізді.

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Азия кеңесі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, бірге жұмыс істеу қажет. Ынтымақтастық аясында алдағы уақытта бірлесіп конференциялар мен дөңгелек үстел отырыстарын және халықаралық деңгейдегі шараларды өткізетін боламыз. Сонымен қатар ҚазҰУ студенттері мен магистрлары білімдерін жетілдіру үшін сіздерден тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады. Оқу ордасында түрлі сала бойынша мамандар жеткілікті. Сондықтан барлық сала бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз» Жансейіт Түймебаев

Өз кезегінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бас хатшысы Қайрат Сарыбай жылы қабылдағаны үшін университет ректорына алғысын білдіріп, өз ұсынысын ортаға салды.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық ынтымақтастық аясы жылдан-жылға кеңейіп келеді. Көшбасшы университетте көптеген елдің студенттері білім алады. Алдағы уақытта оқу ордасындағы шетелдік студенттермен бірге ауқымды шараларды ұйымдастыруға болады. Жастарға арналған маңызды шараларды ҚазҰУ-да өткізейік. Сондай-ақ студенттерді тағылымдамадан өткізуге және аналитикалық мақалаларын жариялауда көмектесуге, Азия кеңесі тарапынан университетте көшбасшылық дәрістер оқуға дайынбыз» Қайрат Сарыбай

Жүздесу соңында қос тарап аталған ұсыныстарды жоспарлы түрде іске асыруға уағдаласып, естелік сыйлықтармен алмасты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -