Астанадағы шахмат жекпе-жегі: қытайлық гроссмейстер Дин Лижень есепті ресейлік Ян Непомнящиймен салыстырады

3059

Дин Лижэнь Астанада өтіп жатқан шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матчтың төртінші партиясында жеңіске жетті. Оның қарсыласы, ресейлік Ян Непомнящий 47-ші жүрістен кейін ұтылғанын мойындады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осылайша, қытайлық гроссмейстер сериядағы есепті 2:2 қылып теңестірді.

Естеріңізге сала кетейік, қос қарсылас бір реттен жеңіске жетіп, екі партияны тең аяқталған болатын. Бесінші партия 15 сәуір, сенбі күні өтеді. Ертең гроссмейстерлер демалады.

Әлем чемпионаты аясында барлығы 14 партия жоспарланған. 7 ұпайдан жоғары жинаған шахматшы әлем чемпионы атанады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -