Қазақстан мен Франция тандемде: бірлескен білім беру бағдарламасы

2450

Түркістандағы Халықаралық Туризм және қонақжайлылық университеті (IUTH) Францияның Vatel қонақжайлылық институтымен бірлескен білім беру бағдарламасын әзірлеу туралы келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды DKNews.kz.
 
Бүгінгі таңда «Қонақ үй менеджменті» мамандығы бойынша жол картасы мен жұмыс оқу жоспары әзірленіп, білім беру бағдарламасының паспортын дайындалып жатыр.

 
Айта кету керек, қазақстандық университет қазірдің өзінде Польша, Қытай, БАӘ, Сингапур, Австрия, Түркия және Анже университеті (Франция) оқу орындарын қоса алғанда, 29 шетелдік жоғары оқу орнымен келісімшартқа отырды.

«Бірлескен бағдарлама бойынша оқыту студенттерге қосымша білім мен болашақта пайдалы болатын өте құнды тәжірибе береді. Бұл барлық елдерде кең таралған тәжірибе және Қазақстанда да сәтті іске асырылып жатыр. Еуропаның жетекші оқу орындары туралы айтатын болсақ, әлемнің 30 елінде 50 филиалы бар Vatel қонақжайлылық институтын айтуға болады» Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -