Халықаралық ынтымақтастық: ҚазҰУ түркі елдерінің ғылым академияларын біріктіреді

2060

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы - Ректоры Жансейіт Түймебаев Әзербайжан, Қырғызстан, Башқұртстан, Татарстан, Моңғолия, Түркия Ғылым академиялары Президенттерімен және Хазар университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Меморандум мақсаты – серіктестікті дамыту, ғылыми бағытта бірлесіп зерттеулер жүргізу және ғылыми кадрлардың біліктілігін арттыру.

Қол қою рәсіміне Әзербайжан Республикасы Ғылым академиясының президенті Иса Габиббейли, Қырғызстан Республикасы Ғылым академиясының президенті Қанатбек Әбдірахматов, Түркия Ғылым академиясының президенті Музаффер Шекер, Башқұртстан Ғылым академиясының президенті Камил Рамазанов, Татарстан Республикасы Ғылым академиясының вице-президенті Дания Загидуллина, Моңғолия Ғылым академиясының президенті Регдел Дугер және Хазар университетінің негізін қалаушы және ректоры Гамлет Исаханлы қатысты.

Меморардум аясында тараптар кітапхана қорларын пайдалануға және ғылыми бағытта жазылған жарияланымдар мен материалдарды алмасуға, бірлескен семинарлар мен конференциялар ұйымдастыруға, ғылыми және академиялық еңбектерді бірлесіп басып шығаратын болады.

Салтанатты шарадан соң ҚазҰУ басшысы Жансейіт Түймебаев бүгінгі меморандум үлкен нәтижелерге қол жеткізуге сеп болатынын жеткізді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -