Қазақстан мен Нидерланды АИ және Big Data базасында ауыл шаруашылығы үшін шешімдер іздеуде

4725

Вестланд провинциясының мэрі Бауке Арендс бастаған нидерландтық бизнестің 20-дан астам өкілі Қазақстанда "Жылыжайлар. Көкөніс өсіру. Суару. Тыңайтқыштар. Алматы Гүлдері – 2023" конференциясына қатысты. Бизнес-делегацияның құрамында жылыжай индустриясының көптеген көшбасшылары “KUBO”, “Dalsem”, "Boal Group", "Dutch greenhouse Delta" және басқа да компания өкілдері болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесулер аясында, делегация өкілдері 150-ден астам адам қатысқан «Қазақстанның қорғалатын жерлері-2023. Жылыжай экономикасы, IT және ЖИ» атты дөңгелек үстелін өткізді. Талқылаулар барысында олар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, неғұрлым тығыз экономикалық байланыстар орнату және Қазақстанда ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын іске қосу туралы жоспарларымен бөлісті.

Вестленд провинциясының мэрі Бауке Арендс қала әкімі Ерболат Досаевпен кездесу өткізіп, екі өңір арасындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар Мэр Арендс Алматы қаласы әкімінің орынбасарымен, отандық бизнес өкілдерімен кездесулер өткізіп, ауыл шаруашылығы секторындағы ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, жылыжайлардың тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллект пен үлкен деректер (Big Data) негізіндегі технологияларды бірлесіп әзірлеу мүмкіндіктерін талқылады.

Дөңгелек үстел экономикалық байланыстарды нығайтуда, маңызды рөл атқарды. Іс-шара конструктивті пікірталастарға және ұзақ мерзімді серіктестіктер орнатуға мүмкіндік берді.

Нидерландтық бизнес-делегацияның іссапары Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі және «Kazakh Invest» АҚ көмегімен ұйымдастырылды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -