ШЫҰ ТЖ алдын алу мен жоюдағы ынтымақтастықты нығайтады

4757

ТЖМ делагациясы Үндістанда ТЖ алдын алу және жою мәселелерімен айналысатын ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ведомстволары басшыларының кеңесіне қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

2023 жылғы 20 сәуірде Дели қаласында (Үндістан Республикасы) үнді тарапының төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелерімен айналысатын ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ведомстволары басшыларының он бірінші кеңесі өтті.

Бұл Кеңес ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі негізгі тетіктердің бірі болып табылады.

                                                                                       

Іс-шараға Үндістан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы төтенше ведомстволарының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ ШЫҰ Хатшылығының өкілдері қатысты.

Қазақстандық тараптың атынан Төтенше жағдайлар министрі Ю.В. Ильин және Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры А.С. Григорян қатысты.

Кеңес барысында делегация басшылары өткен кезеңде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерде болған аса ауқымды төтенше жағдайлар және олардан алынған сабақтар туралы баяндамалар жасады, сондай-ақ ШЫҰ шеңберіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру перспективалары туралы пікір алмасты.  

Кеңес қорытындысы бойынша тараптар дайындықты қамтамасыз ету, төтенше жағдайларға ден қою және табиғи және техногендік апаттар нәтижесінде туындайтын төтенше жағдайлардың салдарын бірлесіп жұмсарту саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігі туралы бірлескен шешімдер қабылдады; төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы инновациялық тәжірибелер мен технологиялар туралы ақпарат алмасуды жүзеге асыру және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсету кезіндегі өзара іс-қимыл туралы 2023-2025 жылдарға арналған келісімді іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті.

Делегация МЧС приняла участие в совещании  руководителей ведомств государств-членов ШОС, занимающихся  вопросами предупреждения и ликвидации ЧС в Индии

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Ю.В. Ильин Үндістанның ішкі істер министрі А. Шах пен Өзбекстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі А. Құлдашевпен екіжақты кездесулер өткізді, сондай-ақ өзбек тарапымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қарақалпақстан Республикасының Төтенше жағдайлар басқармасы арасындағы ведомстволық бағынысты аумақтардағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері жөніндегі өзара іс-қимыл жоспарына қол қойды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -