Латвия Қазақстанға органикалық өнімді сертификаттауға көмектеседі

3374

2023 жылғы 24 сәуірде Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстандық стандарттау және метрология институты» РМК делегациясымен, Қазақстандық 100 органикалық өнімдер жөніндегі техникалық комитетімен кездесу өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстандық делегация органикалық өнімдерді сертификаттау жүйесін дамыту бойынша мамандандырылған курстардан өту үшін «TAIEX INTPA» бағдарламасы шеңберінде Еуропалық Комиссияның шақыруымен Латвияға келді. Курстарды Латвия Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Азық-түлік және ветеринарлық қызметі жүргізеді.

Ригада болу барысында қазақстандық сарапшылар Латвияның Органикалық ауыл шаруашылығы қауымдастығы, «Bior» азық-түлік қауіпсіздігі, жануарлар денсаулығы және қоршаған орта институты, «Сертификаттау және тестілеу орталығы» ЖШҚ сияқты органикалық өнімдерді реттеу және сертификаттау саласындағы Латвияның мемлекеттік құрылымдары мен ұйымдарының қызметімен танысады. Бұдан басқа, делегация Латвияның бірқатар мамандандырылған ғылыми зертханаларына барады.

Делегацияның сапары еуропалық нарықта қазақстандық сертификатталған өнімді ілгерілету мақсатында өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастыру үшін латвиялық әріптестермен байланыс орнатуға және тәжірибе алмасуға қызмет етеді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -