Қазақстандық құтқарушы Түркия Республикасының жоғары наградасына ие болды

4066

2023 жылы 25 сәуірде Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған Президенттік сарайда 2023 жылдың 6 ақпанында Түркияда орын алған жойқын жер сілкінісінде құтқару жұмыстарын жүргізу барысында еңбек сіңірген азаматтарды марапаттау салтанатты іс-шарасы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Еліміздің азаматтарынан Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Күлшімбаев Ибрагим Дәукесұлы «Ерлігі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды.

Түркиядағы отандық және шетелдік құтқарушыларды марапаттау рәсімінен кейін Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Ибрагим Күлшімбаев пен Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиевке алғысын айтып, ризашылдығын білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -