1500 үміткер: Испаниядағы фестивальде қазақстандық анимациялық фильм үздік деп танылды

3859

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жарыққа шыққан «Бесік жыры» қысқаметражды анимациялық фильмі Испания астанасы Мадридте өткен беделді кинофестивальде «Ең үздік қысқаметражды анимациялық фильм» жүлдесін жеңіп алды. «MADFA Madrid Film Awards – 2023» 20-шы халықаралық байқауға 1500 анимациялық жұмыс үміткер ретінде ұсынылғанын айта кеткен жөн. Мадрид киножүлдесі MADFA (MFA) IMDb ресми конкурсына кіреді. Фестиваль жыл сайын өз алаңында әлемнің ең үздік туындылары мен талантты режиссерлердің басын қосады, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Қазақстандық анимациялық фильмнің беделді халықаралық байқаудың бас жүлдесін иеленгені – отандық анимация саласының оң бағытта дамып келе жатқанының көрсеткіші деп санауға болады. Мәдениет және спорт министрлігі 2030 жылға дейін жалпы прокаттағы қазақстандық фильмдердің, оның ішінде анимациялық фильмдердің үлесін 35%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Ол үшін жыл сайын кемінде 10 анимациялық жоба жасалатын болады. Өткен жылы елімізде алғаш рет «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі құрылды. Аталған ұйым отандық анимация мамандарының шеберлігін шыңдап, анимациялық жобаларды шығаруға қолдау көрсетеді» ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -