ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан ӨСАБ халықаралық хатшылығының валидация тобымен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Кездесу барысында жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың қызметінде ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етуге бағытталған негізгі шаралар талқыланды.
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде басталған валидация процесі өндіруші салалардың ашықтығы бастамасын жүзеге асырудағы маңызды кезең болып табылады. Қазақстанның 2020 жылы өткізілген алдыңғы валидациясы осы саладағы айтарлықтай ілгерілеушілікті растады.
Вице-министр Иран Шархан ӨСАБ халықаралық хатшылығымен одан әрі ынтымақтастық пен белсенді өзара іс-қимылға дайын екенін білдірді. Валидацияны сәтті аяқтау және өндіруші салалардағы ашықтықтың жоғары стандарттарын сақтау үшін қажетті жоспарлар мен іс-шаралар талқыланды.
Айта кетерлігі, валидация – бұл ӨСАБ енгізуге сәйкестікті бағалау, оның нәтижелері бойынша ел белгілі бір дәрежеде талаптарға сай деп танылуы мүмкін, ал Стандарт талаптары орындалмаған жағдайда, елдің мәртебесі тоқтатылады.