Еркін Ғаббасов чханвонда өткен Әлем кубогында жеңіске жетті

883
Фотосурет: csp-parasport.kz

Еркін Ғаббасов пара нысана көздеуден Әлем кубогының алғашқы жарыс күнінде R1 (ерлер) дисциплинасында 250.3 ұпаймен алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Екінші орынды 249.0 ұпаймен Оңтүстік Корея спортшысы Парк Джинхо иеленді, ал үшінші орынға Францияның спортшысы Ричард Дидье 228.4 ұпаймен тұрақтады.

Айта кетейік, Еркін Ғаббасов осы жылдың наурыз айында Нью-Дели қаласында өткен  Әлем кубогында екінші орынға ие болып, 2024 жылы Парижде өтетін Паралимпиадаға жолдама ұтып алды.

Пара нысана көздеуден Әлем кубогы Чханвон қаласында (Оңтүстік Корея) 1 мамырға дейін өтеді. Жарысқа еліміздің атынан 5 спортшы қатысады: Севда Алиева (P2), Санаш Ещанов  (R4, R5), Анна Довгелеевич (R2, R3, R10), Биғайша Махаева (Р2).

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -