Қарағанды облысы бойынша экология департаментінде кадрлық өзгерістер

14663

Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің бұрынғы басшысы Қанат Мұсапарбеков Павлодар облысы бойынша экология департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысы бойынша экология департаменті басшысының міндеттерін ведомство басшысының орынбасары болып жұмыс істеген Дархан Ісжанов атқарады.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қанат Мұсапарбеков Қарағанды облысы бойынша экология департаментін басқарған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -