Елордалық теннисші Австралияда өтіп жатқан турнирдің финалына жетті

1463

Астаналық теннисші Альбина Какенова Австралиядағы жасөспірімдер турнирінің финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Мельбурн Паркінің» кортында Австралияның ашық чемпионатына арналған Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy жасөспірімдер турнирі аяқталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

14 жастағы жерлесіміз Альбина Какенова финалдағы тартысты бәсекеде Жапония өкілі Хикари Ямоммотоға есе жіберіп алды: 7:6, 4:6, 2:6.

«Әрине, шешуші матчта жеңіліп қалғаныма мұңайып отырмын. Финалға жету үшін көп қаншама күш жұмсадым. Дегенмен жылды жақсы бастағаныма өте қуаныштымын. Бірінші финал - мұндай беделді турнирде. Бұл тамаша апта және жақсы турнир болды. Мен одан тек оң нәтиже ала аламын» Альбина Какенова

Альбина Астана теннис мектебінің тәрбиеленушісі, «Дәулет» теннис орталығында Марат Шариповтың жетекшілігімен жаттығады.

Өткен жылы Қазақстан маусымды 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасында Азия рейтингінде бірінші орында аяқтап, ATF (Asian Tennis Federation) Juniors сериясының жалпы төрт турнирінде жеңіске жетті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -