Гарнизонда бақылау тексерісі өткізілуде

919
Фотосурет: Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Аягөз гарнизонында 2024 жылға арналған дайындық жоспарына сәйкес қысқы оқу кезеңін қорытындалау бойынша бақылау тексерісі өткізілуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталмыш шараның негізгі мақсаты гарнизондағы әскери бөлімдердің, взводтардың, роталардың, батальондардың жауынгерлік даярлық деңгейін, бөлімшелердің қойылған жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындығын жіті тексеру. Сонымен қатар, жауынгерлік даярлық жоспарлары мен бағдарламаларын орындау барысында бөлімшелер мен оларды басқарудың үйлесімділігін бағалау болып табылады.

Қорытынды тексерістің алғашқы күні әскери бөлімнің жеке құрамы саптық алаңға шығарылып, жалпы жеке құрамның саптық жарғы бойынша ережелерді орындауы, сырт киім үлгілері тексерілді. Сондай–ақ, қорытынды тексерістің екінші күні әскери бөлімнің жеке құрамының жауынгерлік әзірлігі бойынша сынақтар тапсырды.

Айта кетейік, қорытынды тексеруде жеке құрам атыс, тактикалық, арнайы даярлық, дене және саптық даярлық бойынша кәсіби деңгейіне сәйкес бағаланады. Сондай-ақ, комиссия мүшелері қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйін, командирлердің жұмыс жүйесін ұйымдастыруын, жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін тексеретін болады.

Әр оқу кезеңінің соңында өткізілетін қорытынды тексеру үш кезеңде  жүргізіледі. Тексеруді бөлім басқармаларынан бастап, батальондар мен роталардың және взводтардың жеке құрамы тапсырады. Әскери қызметшілер жауынгерлік техникаларды жүргізу және басқа оқу пәндері бойынша білімдерін бөлімнің тұрақты орналасу пункттерінде, далалық оқу-жаттығу полигонында өткізеді Гарнизон бастығы полковник Дәулет Сүттібаев
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -