Халықаралық ынтымақтастық жандануда

876

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне GIZ «Орталық Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу» өңірлік бағдарламасының жетекшісі Штефан Бухмайер арнайы келді. Жүздесуде ортақ жоба аясындағы өзара ғылыми ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Кездесуде ҚазҰУ-дың Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Еркежан Апсеметова білім ордасының қызметімен таныстырып, басты жетістіктеріне тоқталды. «ҚазҰУ әлемнің 500-ден астам жетекші университетімен ынтымақтастық орнатқан, көптеген ірі халықаралық ұйымдардың құрамына кіреді және білім беру бағдарламалары мен ғылыми бағыттарының ауқымы аса кең», – деп атап өтті департамент директоры.

Мәртебелі мейман өз кезегінде «Орталық Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу» жобасы аясындағы жемісті әріптестік үшін алғыс білдіріп, ықпалдастықты одан әрі жандандыру ниетін жеткізді.

Жоба бүгінгі таңда Қазақстан және Өзбекстан аумағында жүзеге асырылады. Ол мемлекет және азаматтық қоғамның зорлық-зомбылық экстремизміне төтеп беруін  арттыруға тиіс шараларды қабылдауын қолдауға бағытталған. «Бұл мақсатта ғылыми-зерттеу университеттері бізге үлкен көмек көрсете алады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми әлеуеті зор. Сол себептен өзара ықпалдастыққа мүдделіміз», – деді Штефан Бухмайер мырза.

Сонымен қатар кездесуге ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің деканы Думан Жекенов қатысып, осыған дейін жобаға атсалысқан ғалым-оқытушылар жұмысын атап өтті.

Сөз соңында тараптар тиімді әріптестікті арттыру және жоба бойынша жұмыстарды ілгерілету үшін алдағы уақытта кездесулер ұйымдастыруға уағдаласты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -