Қазақстан мен Литваның жемісті ынтымақтастығына 30 жыл

905

Бүгін Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Осы атаулы күнге орай Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев пен Литва Сыртқы істер министрінің орынбасары Мантас Адоменас екі мемлекет басшыларының атынан құттықтау хаттарымен алмасудың салтанатты рәсімін өткізді.

Отыз жыл ішінде елдер арасында екі жақты және көп жақты форматтағы сындарлы қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін аса жоғары және жоғары деңгейдегі сенімді диалог орнап, қолдау табылып келеді.

1993 жылы 7 қарашада Алматы қаласында Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды, ол екі жақты қатынастардың берік құқықтық негізін қалады.

Екіжақты қатынастарда парламентаралық өзара іс-қимыл ерекше орын алады. Қазақстан Парламенті Сенаты мен Мәжілісінде және Литва Сеймінде парламентаралық достық пен ынтымақтастық топтары жұмыс істейді, олар сапарлар, бейінді кездесулер және дөңгелек үстелдер өткізу арқылы депутаттар арасындағы байланыстарды кеңейтуге ықпал етеді. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында «Қазақстан-Литва» парламентаралық достық топтарының төрағалары мен мүшелерінің Нұр-сұлтан және Вильнюс қалаларына өзара сапарлары өтті.

Түрлі халықаралық алаңдардағы өзара қолдау елдердің өзара іс-қимылына тән стильге айналды. Мысалы, Литва 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі ҚР тұрақты емес мүшелігін, сондай-ақ 2022-2024 жылдарға арналған БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне ҚР кандидатурасын қолдады.

Литва 2016 жылы алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады. Келісімді жүзеге асыру екіжақты форматта да, өңірлік және жаһандық деңгейде де Қазақстан мен ЕО-ға мүше мемлекеттер арасындағы саяси өзара іс-қимыл көкжиегін кеңейтуге және экономикалық байланыстарды тереңдетуге ықпал етеді.

Қазақстан мен Литва арасындағы саяси қатынастардың жоғары деңгейі сауда-экономикалық салада да әлеуетті іске асыру үшін қолайлы жағдай қалыптастырды. Литва Еуропалық Одақ елдері арасындағы Қазақстанның он басты сауда серіктестерінің және әлемдегі отыз ірі серіктестерінің қатарына кіреді. Бұл ретте біздің еліміз Литваның жиырма ірі сауда серіктесінің қатарына кіреді. 2021 жылы өзара сауда көлемі 454 млн долларды құрады, оның ішінде Қазақстаннан экспорт - 356,3 млн доллар., елімізге импорт -
97,5 млн доллар құрады. 2022 жыл тауар айналымының жоғары өсуімен белгіленді, осылайша ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ол 2021 жылдың ұқсас кезеңімен (71,6 млн. долл.) салыстырғанда 311% - ға өсіп, 294,4 млн. долларды құрады, бұл ретте Қазақстанның экспорты 382%-ға өсіп, 265 млн. долларды құрады.

Екі ел арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мен дамытудың тиімді тетігі 2000 жылы құрылған Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия (ҮАК) болып табылады. 2021 жылдың қыркүйегінде комиссияның кезекті 13-ші отырысы бейнеконференция режимінде өтті, оның барысында тараптар инвестициялар, тасымалдау және логистика, IT, ауыл шаруашылығы, туризм, денсаулық сақтау, білім беру, сондай-ақ шарттық-құқықтық базаны кеңейту сияқты салалардағы өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

ҮАК құрамында автомобиль тасымалы және туризм жөніндегі жұмыс топтары жұмыс істейді. Бүгінде қазақстандық нарықта 170-ке жуық литвалық компания жұмыс істейді.

Жалпы, Қазақстан мен Литва бірқатар бағыттар бойынша табысты өзара іс-қимыл жасауда және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен нығайту үшін жұмыс істеуге дайын.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -