Брюссельдегі «дөңгелек үстел» барысында ЕО-ның мамандары, саясаткерлері мен дипломаттары Қазақстандағы референдум қорытындылары мен реформаларды құптады

823

Қазақстанның Еуропалық одақ жанындағы Тұрақты Өкілдігі Азиялық зерттеулер бойынша Еуропалық институтпен бірлесіп «Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі Референдум және Еуропалық Одақпен қатынастардың болашағы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Іс-шараға Еуропалық сыртқы істер қызметінің (ЕСІҚ), Брюссельде аккредиттелген дипломатиялық корпустың, талдау орталықтарының, үкіметтік емес ұйымдардың, жергілікті және халықаралық БАҚ өкілдері, сондай-ақ қазақстандық диаспораның өкілдері қатысты.

Қазақстанның ЕО жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары Тимур Сұлтанғожин іс-шара қонақтарын ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылдау мәселесі бойынша Республикалық референдумның қорытындылары туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Ол ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Конституцияға ұсынған түзетулер пакетін қарау кезеңдері, түзетулерді әзірлеу бойынша ғалым-құқықтанушылардың арнайы жұмыс тобын құрудан бастап, ағымдағы жылғы 5 маусымдағы референдумда жалпыхалықтық дауыс беруге дейінгі кезеңдер туралы айтып берді.

Т.Сұлтанғожин Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұлттық референдум елімізде жүргізіліп жатқан кең ауқымды саяси және экономикалық реформалардың маңызды бөлігіне айналғанын атап өтті. Ол сондай-ақ референдум әрбір азаматтың Қазақстанның болашағын айқындайтын тарихи оқиғаға тікелей қатысуына мүмкіндік бергенін атап өтті.

Қазақстандық дипломат жиналғандардың назарын Мемлекет басшысы бастамашылық еткен реформалардың іске асырылып жатқан төрт пакетіне аударды. «Бұл реформалар елдің саяси жүйесін терең демократияландыруға және жаңғыртуға, сайып келгенде, жаңа Қазақстанды құруға бағытталған», - деп атап өтті ол.

ЕСІҚ атынан сөз сөйлеген Орталық Азия басқармасының басшысы Дитмар Крисслер Қазақстан ЕО-ның маңызды және сенімді серіктесі болып табылатынын мәлімдеді. Ол Еуроодақ ҚР басшылығының қоғамды одан әрі демократияландыруға және мемлекетті саяси жаңғыртуға бағытталған күш-жігерін қолдайтынын атап өтті және Қазақстанда өткен ұлттық референдумды құптады. Оның ойынша, референдумды азаматтардың басым бөлігінің құптауы, ел халқының Қ.Тоқаевқа деген жоғары қолдауының көрсеткіші болып табылады.

Азиялық зерттеулер бойынша еуропалық институтының Директоры Лин Готальс Қазақстан басшылығының референдум арқылы Конституцияға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдауының маңыздылығына назар аударды, «бұл шешім әрбір азаматқа өз елінің болашағын құруға қатысуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ол. Ол сондай-ақ еліміздің бас заңына енгізілетін өзгерістердің ауқымдылығын атап өтіп, оны іс жүзінде іске асыру бойынша алда тұрған үлкен жұмысты атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында аса белсенді сұрақтар мен жауаптар сессиясы өтті, ол еуропалық қоғамның Қазақстанда болып жатқан өзгерістерге шынайы қызығушылығын көрсетті. Жалпы, іс-шараға қатысушылар елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформаларды оң бағалады, олардың ауқымдылығы мен демократиялық қоғам құру ісіндегі ерекше маңыздылығын атап өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -