Қытай Қазақстанмен халық дипломатиясын одан әрі дамытуға дайын

784

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев Қытайдың шет елдермен достық жөніндегі халық қоғамының (ҚШДХҚ) төрағасы Линь Сунтяньмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен келешегі туралы терең пікір алмасты.

Ш.Нұрышев сұхбаттасушыны елімізде өткен Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдумның қорытындылары туралы ақпараттандырды, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан қазіргі саяси және экономикалық реформалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Елші екі ел арасында жақын арада қалпына келетін тұрақты әуе қатынастары және жалпы адами алмасудың жандануын ескеріп, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты белсендетудің қажеттігіне назар аударды.

Өз кезегінде, Линь Сунтянь қазақстандық дипломатқа Қазақстанда болып жатқан оқиғаларды жіті қадағалап отырғанын айтып, Президент Қ.Тоқаевтың жүргізіп жатқан ауқымды реформаларына қолдау білдірді. Сонымен бірге, сұхбаттасушы қытайлық тараптың мәдениет саласындағы ынтымақтастық және гуманитарлық алмасуларды кеңейтуге толық дайындығын атап өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай бірлескен
іс-шараларды ұйымдастыру мақсатын қоса алғанда, ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігі мен ҚШДХҚ арасындағы байланыстарды белсендетуге уағдаласты.

ҚШДХҚ 10 мемлекеттік ұйымдардың негізінде 1954 ж. 3 мамырда құрылды. Қоғамның орталық кеңсесі Бейжіңде орналасқан, аймақтық ұйымдары ҚХР-дың барлық өлке, автономиялық аудандар және орталыққа бағынышты қалаларында бар.

ҚШДХҚ-ның негізгі мақсаттарына Қытай халқының әлемнің барлық елдерінің халықтарымен өзара түсіністік пен достықты ілгерілету, олармен саяси, экономикалық, сауда, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, мәдени және білім беру салаларында өзара алмасулар мен ынтымақтастықты ынталандыру болып табылады. Бүгінгі таңда қоғам әлемнің 157-ден астам еліндегі 413 халықтық бірлестіктер және ұйымдармен достық серіктестік қатынастарын орнатты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -