Марат Әзілханов Түркияның Бас омбудсменімен кездесті

1038

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Түркияның Бас омбудсмені Шерем Малкочпен екіжақты кездесуі өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Тараптар екі елдегі адам құқықтарының жалпы мәселелері мен этносаралық қатынастардың кейбір аспектілерін талқылады.

«Осы күні екі ел арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан мен Түркия президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоған жүргізіп отырған табысты саясаттың арқасында үздіксіз дамып келеді. Үлкен геосаяси және экономикалық әлеуеті зор екі елдің стратегиялық ынтымақтастығы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ экономикалық дамуды одан әрі күшейтуге бағытталған. Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық негізінде құрылған қатынастар үнемі нығайып келеді », - деді Марат Әзілханов.

Өз кезегінде Шереф Малкох та мемлекетаралық ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.

«ҚХА арқылы екі елдің арасындағы бірлескен жұмыс заң саласындағы зерттеулерге ықпалын тигізеді. Осының арқасында біз өз үлесімізді қосуға немесе тәжірибе алмасуға, сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан бастамаларды қолдауға мүмкіндік аламыз», - деді Бас омбудсмен.

Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Азимова, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ахыска» түрік этномәдени орталығы филиалының төрағасы Әскер Пириев қатысты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -