Мексикада шетелдік студенттердің Қазақстанда жоғары білім алу мүмкіндіктері, сондай-ақ қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерінің ерекшеліктері таныстырылды. Қазақстан мен Мексика арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай және ҚР Елшілігі ұйымдастырған іс-шара Мехико қаласының тарихи орталығында орналасқан ежелгі және ерекше сәулеті бар Ұлттық әлемдік мәдениеттер мұражайының ғимаратында өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Іс-шараға 150-ден астам адам қатысып, еліміздің Назарбаев Университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ ұлттық өнер университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, КИМЕП университеті сияқты жетекші жоғары оқу орындарында білім алу үшін шетел азаматтарына ұсынылатын стипендиялармен таныстырылды. Оған қоса, Мексика мен Эквадор студенттері Қазақстанда оқудан алған өз жарқын әсерлерімен бөлісті.
Іс-шарадан кейін Қазақстанның Мексикадағы Елшілігіне елімізде білім алу туралы ойлаған мексикандық азаматтардан өтініштер келіп түсуде.
Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін көрсету үлкен қызығушылық тудырды. Қонақтар асар салтының бекзаттығын, сырға салу, тұсау кесер, қыз қуу ойынының романтикалығы және т.б. салттардың әсемдігі мен терең философиясын атап өтті.
Қазақстандық халқының мәдениеті, өмірі мен өнері нысандарының экспозициясы, сондай-ақ Қазақстанға арналған фотокөрме іс-шараның әсем бейнесіне айналып, іс-шараға келген қонақтар қазақ ұлттық тағамдарынан дәм татуға мүмкіндік алды.
Жақында атап өтілген Ұлттық домбыра күні де өз көрінісін тапты – қонақтар осы аспаптың тарихымен, ерекшеліктерімен, қазақтар үшін маңыздылығымен және қайталанбас үнімен танысты.
Цифрлық интерактивті форматта өткен «Сіз Қазақстанды қаншалықты жақсы білесіз?» викторинасы көрермендердің үлкен ынтасын тудырды. Алғашқы үш жеңімпазға естелік сыйлықтар табыс етілді.
ҚР Елшілігі Мексиканың Әлемдік мәдениеттер ұлттық мұражайына қазақ ұлттық киімдерінің үлгілерін тапсыру салтанаты үлкен ықыласпен қабылданды. Бұл сыйлық арқылы мұражай коллекциясындағы Қазақстанға арналған алғашқы экспонаттар болмақ. Сондай-ақ, мұражайдың кітапханасына қазақстандық әдебиет туралы және еліміздің туристік көрнекті жерлері жөнінде кітаптар сыйға тартылды.