Adani Group Қазақстанға сапармен келді

1123

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің қолдауымен «Adani Group» үнді конгломератының Қазақстан Республикасына алғашқы сапары өтті. Ұлттық компания басшылығымен кездесуде тараптар әлеуетті жобаларды жүзеге асырудың басым бағыттарын талқылады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Үндістандық делегация құрамында Adani Group – Солтүстік Американың бас директоры және Adani Group бас технологиялық директоры Судипта Бхаттачаря, Стратегияның аға вице-президенті Сандип Мехта, сондай-ақ бизнесті дамыту және стратегия басшылары Ришаб Дэв пен Мохансундарам Натараджан, аға менеджер Шубхам Гупта болды.

DSC_0273.JPG

Судипта Бхаттачарья өз сөзінде KAZAKH INVEST-ке сапарды ұйымдастырғаны және жылы қарсы алғаны үшін алғысын білдіріп, сондай-ақ Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастыққа үлкен қызығушылық танытты.

«Adani Group - бірқатар негізгі салаларда көшбасшылық позициялары бар Үндістандағы ең жылдам дамып келе жатқан компаниялардың бірі. Біз үлкен әлеуеті бар қарқынды дамып келе жатқан елдерге, біздің бағалауымызша, алдағы 10-20 жылда алға шығатын нарықтарға, үлкен қызығушылық бар. Сондықтан біз Қазақстанға назар аудардық. Осыған байланысты сізді бізге «инвестициялық гид» болуларыңызды сұраймыз. Сіздің көмегіңіздің арқасында біз өте маңызды жемісті жұмысты атқаратына сенімдіміз.Сіздің әсем еліңізде инфрақұрылымды одан әрі құрудың әлеуеті таңғаларлық және қызықты, біз көрсетілген қолдау үшін сізге алғыс айтамыз» Судипта Бхаттачарья, Adani Group бас технологиялық директоры

DSC_0293.JPG

Өз кезегінде KAZAKH INVEST басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали компанияның Adani Group жобаларының Қазақстандағы жүзеге асуына жан-жақты қолдау көрсететінін айтты: 

«Сіздердің сапарларыңыз жаңа жобаларды жүзеге асыруды қолайлы уақытта өтіп жатыр. Еліміздің нарығына шыға отырып, географиялық орналасуы мен халықаралық экономикалық байланыстары арқасында шетелдік инвесторлар тек ішкі нарыққа ғана емес, сонымен қатар сыртқы нарықтарға да қол жеткізе алады. Біз Adani Group-пен көлік және логистика, инфрақұрылым, тау-кен және металлургия, жаңартылатын энергия және тағы да басқа секторларында, ынтымақтастықта жоғары синергияны көріп отырмыз. Біз екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты жүйелі түрде тереңдетуді мақсат етіп отырмыз, бұған Үндістанда Олжас Әліпбаев тұлғасында KAZAKH INVEST өкілінің қатысуы дәлел. KAZAKH INVEST сіздің Қазақстанға бірінші сапарыңыздың барынша нәтижелі болуы үшін бар күш-жігерін салады» Жандос Темірғали, KAZAKH INVEST басқарма төрағасының орынбасары

DSC_0288.JPG

Сапар барысында, мемлекеттік органдардың басшыларымен, квазимемлекеттік және жеке сектор өкілдерімен кездесулер жоспарланған.

Adani Group — 1988 жылы Гаутам Адани мырза негізін қалаған және штаб-пәтері Ахмедабадта, Гуджарат қаласында орналасқан үнділік конгломерат. Конгломераттың негізін қалаушы және иесі Гаутам Адани Forbes журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 4-ші орында тұр.

2022 жылдың сәуір айында Топтың жалпы нарықтық капитализациясы 225 миллиард доллардан асты.Топтың жылдық табысы 20 миллиард доллардан асады, 50-ден астам елде 23 000-нан астам қызметкері бар.

Adani Group энергетика, порттар және логистика, тау-кен өнеркәсібі, газ, сондай-ақ әуежайлар, деректер орталықтары және т.б. қамтитын 7 ашық листингілік компаниядан тұрады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -