Қазақстан VII «Қытай – Еуразия» ЭКСПО көрмесіне қатысуда

1680

2022 жылғы 19-23 қыркүйек аралығында Үрімші қ. (Шынжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы) гибридті форматта ШҰАА мен Еуразия елдері арасындағы сауда, қаржы, инвестициялар, туризм, ғылым, жаңа технологиялар және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты ілгерілетуге бағытталған VII Халықаралық «Қытай – Еуразия» көрмесі өтуде, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Көрменің ашылу салтанатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Пәкістан Премьер-Министрі Шахбаз Шариф, Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбан, Қырғызстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әділбек Қасымалиев, Тәжікстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Давлатали Саидов және Еуразия өңірі елдерінің басқа да жоғары лауазымды басшылары сәлемдемелік бейнеүндеу жасады. Қытай тарапынан ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Вице-премьері Ху Чуньхуа, ҚХР Коммерция министрінің орынбасары Ван Шоувэнь, ҚХР ШҰАА Партия комитетінің Хатшысы Ма Синжуй, сондай-ақ ШҰАА Халық үкіметінің Төрағасы Эркин Тунияз қатысты.

Іс-шараға Еуразия өңірінің 32 елінен 3 мыңнан астам кәсіпорын қатысуда. Қазақстан «басты қонақ – ел» ретінде қатысуда.

2022 ж. 20 қыркүйекте Көрме аясында Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің, «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ және «Қытай – Еуразия» Көрмесі хатшылығының ұйымдастыруымен гибридті форматта «Қазақстан – ШҰАА кәсіпкерлер форумы» өткізілді. Іс-шараның мақсаты – екі ел кәсіпкерлері арасындағы байланыстарды жандандыру және сауда мен инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту болды.

Форум жұмысына «Атамекен» ҰКП Төралқасының Төрағасы Райымбек Баталов, «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Мейіржан Юсупов, «Самұрық-Қазына» АҚ Даму және жекешелендіру жөніндегі Басқарушы директоры Ернар Жанәділ қатысты. Қытай тарапынан – ҚХР ШҰАА Партия комитетінің Хатшысы Ма Синжуй, Қытайдың Халықаралық саудаға жәрдемдесу жөніндегі комитетінің Төрағасы Жэнь Хунбин, ҚХР-дың ҚР-дағы Елшісі Чжан Сяо, сондай-ақ ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігінің өкілдері қатысты.

Форумда Қазақстанның инвестициялық ахуалы мен экономикалық әлеуеті, елімізде бизнес жүргізу үшін жағдайды жақсарту бойынша Үкімет қабылдап жатқан шаралар, сондай-ақ ҚР ұлттық компаниялардың мүмкіндіктері таныстырылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша жалпы сомасы 475 млн. долл. мыс және цирконий концентратын сатып алу, қазақстандық жемістер мен көкөністерді Қытайға экспорттау, автоклавты газоблоктарды өндіру және басқа бірқатар коммерциялық құжаттарға қол қойылды.

Сонымен қатар, Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Көрме аумағында барлық қатысушылар арасында Қазақстанның ең ірі ұлттық павильоны орналастырылған, онда 20 ірі қазақстандық тамақ және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының, құрылыс материалдары өндірісінің (күнбағыс майы, кондитерлік өнімдер, бал, ұн, макарон өнімдері, шырындар, спирттік ішімдіктер және басқа да өнімдер) 140-тан астам өнім түрлері ұсынылған.

Қазақстандық павильонның жұмысы 23 қыркүйекке дейін жалғасады. ҚХР-ға қазақстандық өнімді жеткізуге келісім-шарт жасасуға мүдделі Қытайдың іскер топтарының өкілдеріне консультативтік қолдау көрсетілуде.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -