«Көлік және логистика» халықаралық көрмесі ашылды

1348

«NEW SILK WAY» V Халықаралық көліктік-логистикалық бизнес форумы аясында «Көлік және логистика» халықаралық көрмесі ашылды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен өткен көрме жұмысына 12 елден келген 150 компания қатысты.

Атап айтқанда, көрмеге Әзірбайжан, Германия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Латвия, Литва, Өзбекстан, Финляндия, Эстония, Беларусь пен Ресейдің көлік және тасымалдау саласындағы компанияларының біріккен ұлттық стенділері қойылды. Сондай-ақ көпшілік назарына алғаш рет Ресейдің Новосібір облысындағы кәсіпорындардың ұжымдық экспозициясы ұсынылды. 

Көрмеде темір жол, теңіз және әуе көлігі, логистика, терминалдар және жүк тасымалдауға арналған арнайы заманауи құрал-жабдықтармен танысуға болады. Онда бірқатар қазақстандық компаниялардың өнімдері де қойылып, шетелдік мамандарға таныстырылды.

Қазіргі таңда Trans Logistica Kazakhstan халықаралық көрмесі – Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі жүк тасымалдау, көлік және логистика бойынша ірі арнаулы шарасы. Оның басты мақсаты – өңірдің транзиттік әлеуетін арттыру және осы тараптағы халықаралық ынтымақтасты нығайту. Биыл көрме аумағы 50 пайызға ұлғайтылды.

Айта кетерлігі, Алматыда «NEW SILK WAY» V Халықаралық көліктік-логистикалық бизнес форумы өз жұмысын бастады.

Қазақстанның көлік апталығы шеңберінде ұйымдастырылған алқалы басқосуға 14 елден 350-ден астам делегат қатысты. Жиында көлік саласындағы жаңа мүмкіндіктер, халықаралық автомобиль тасымалдары, теңіз және теміржол логистикасы мен салада кадрлар даярлау мәселелері жан-жақты талқыланды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -