Таиланд Премьер-министрі Қазақстанмен ынтымақтастықты күшейту туралы айтты

16731

Таиланд Премьер-министрі Прают Чан-о-ча Қазақстан Елшісі Арман Исетовті қабылдады. Кездесу барысында Премьер-министр дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығымен құттықтап, Қазақстан мен Таиланд арасындағы сенімді әріптестік байланыстарды атап өтті. Генерал Прают Чан-оча елдеріміздің өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ұстанымдарының ұқсастығын атап өтті. Осы үдерістегі Азиядағы өзара іс-әрекет және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің (АӨСШК) жоғары рөлін ескере отырып, Таиланд Астанадағы АӨСШК 6-шы Саммитіне қатысуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Сонымен қатар, тай үкіметінің басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту қажеттігі туралы айтты. Соңғы бірнеше жылда өзара тауар айналымы дәйекті түрде өсіп, одан әрі ынтымақтастық әлеуетін сақтап келеді. Логистикалық қашықтықты ескере отырып, Прают Чан-оча тауарларды жеткізудің балама жолдарын іздеу қажеттілігіне назар аударды. Бұл ретте тай компанияларының Қазақстанда бизнес жобаларды іске асыруға мүдделілігі атап өтілді.

Бұған қоса, тараптар жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы өсіп келе жатқан проблемаға ортақ алаңдаушылық білдірді. Осыған байланысты Елші Қазақстанның бидайдың ірі өндірушілерінің бірі ретінде әлемнің мұқтаж елдеріне астық өнімдерін жеткізу әлеуетін атап өтті.

Сондай-ақ, тараптар туризмді өзара дамыту мәселесін талқылады. Қазақстандық дипломат туристер ағымын арттыратын екі ел арасындағы тұрақты рейстер санының артуы туралы хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты барлық деңгейде жалғастыруға келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -