ТМД шеңберіндегі стандарттаудың проблемалық мәселелерін ұлттық орган басшылары талқылады

6895
Фотосурет: © Sputnik / Владислав Воднев

2022 жылғы 13 желтоқсанда бейнеконференция форматында стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңестің 62-ші отырысы өтті. ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев Қазақстан Республикасы атынан Мемлекетаралық Кеңестің тең төрағасы болып табылады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Отырыс жұмысына Стандарттау, метрология, сәйкестікті бағалау және Келісімге қатысушы мемлекеттерді аккредиттеу жөніндегі ұлттық органдардың, ТМД Атқарушы комитетінің және Стандарттар жөніндегі бюроның басшылары мен өкілдері қатысты.

Қатысушылар МК қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша 24 мәселені қарады, атап айтқанда 2022-2023 жылдарға арналған мемлекетаралық стандарттау бағдарламасын; 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған МК даму стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру және өзектендіру барысын; 2021-2025 жылдарға арналған заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің мемлекетаралық стандартты үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі бағдарламаларды және басқа да тақырыптарды талқылады.

Отырысқа қатысушылар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің өзара саудасындағы техникалық кедергілер туралы келісімнің және сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеуді өзара тану туралы келісімнің жобаларын келісу барысын талқылады. 

ҚР СИМ ТРМК төрағасы Қуаныш Елікбаев МК шеңберіндегі бар проблемаларға, оның ішінде елдер арасындағы өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою қажеттігіне тоқталды. Мысалы, ЕАЭО сияқты басқа интеграциялық бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелері қолда бар келісімдер мен меморандумдар шеңберінде Стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейтуді ұсынды.

«МК хатшылықтарының ПМС-да ұсыныстарды қарауды ұйымдастыру және ГОСТ әзірлеу кезінде мемлекетаралық стандарттардың талаптарын сақтамауы жалғасуда. Сондай-ақ, ГОСТ әзірлеудің белгіленген мерзімдерін бұзу да бар. Осыдан EN стандарттарын мемлекетаралық стандарттар үшін негіз ретінде қолдану және оларды МК елдерінің аумағында қолдану проблемасы туындайды» Қуаныш Елікбаев

Стандарттаудың қолда бар мүмкіндіктері мен құралдарын ілгерілетуге барлық елдердің қатысуы Қазақстанның да, ЕАЭО мен ТМД елдерінің де экономикалық дамуына елеулі серпін беретінін атап өтеміз. Өз кезегінде Қазақстан МК аясындағы жұмысты жандандырды. Соңғы 2 жылда жеңіл өнеркәсіп және Халал өнімдері саласында 2 жаңа ККМ құрылды. Сондай – ақ, егер өткен жылдары жыл сайын 70 ГОСТ, 2020 жылы - 104 ГОСТ, ал 2022 жылы - 140 ГОСТ әзірледі.

Естеріңізге сала кетейік, МК қызметі ТМД мемлекеттері арасындағы интеграцияны сақтауға және дамытуға бағытталған, ол сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтағы кедергілерді жоюға арналған. 1992 жылы ТМД елдері Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясат жүргізу туралы келісімге қол қойды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -