Араб мемлекеттері лигасы Астана халықаралық форумына қатысуға дайын ниетін білдірді

4907

Араб мемлекеттері лигасының штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшісі Қайрат Лама Шариф ұйымның Бас хатшысы Ахмед Абул Гейтпен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әңгіме барысында басты назар Қазақстан мен Араб лигасы арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге аударылды. Аймақтық ұйымдар мен халықаралық іс-шаралар аясындағы диалогтың жоғарғы сапасы атап өтілді. Бас хатшы Ахмед Абул Гейт ұйым мен Қазақстан арасындағы соңғы жылдары қалыптасқан ынтымақтастық деңгейін жоғарғы деңгейде бағалап, соңғы екі жылда Астанаға үш жоғары дәрежедегі делегация келгенін атап өтті. Оның қатарында АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің 6-шы отырысына қатысқан саяси мәселелер жөніндегі бірінші орынбасары Халед бен Найеф әл-Хаббас бастаған делегация және Араб елдері және ұлттық қауіпсіздік істері жөніндегі орынбасары доктор Халил Ибрагим Әл-Зауади және Араб мемлекеттері лигасының әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша, 2005 жылғы Нобель Бейбітшілік сыйлығына үміткер, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 7-ші съезіне қатысқан доктор Хайфа Әбу Ғазалех.

Ол АӨСШК-де бақылаушы мәртебесіне ие Араб Лигасының осы ұйыммен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілігіне тоқталды.Сондай-ақ, араб мемлекеттерінің рөліне ерекше назар аударып, Араб мемлекеттері лигасына мүше 22 араб елінің 14-і Азия құрлығын білдіретінін, оның 8-і Кеңес мүшесі екенін атап өтті.

Өз кезегінде қазақстандық дипломат сұхбаттасушыға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Әділетті Қазақстанды» құру курсы аясында еліміздегі ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы баяндады. Ол елімізде бәсекелестікті арттыру, ұлттық табысты әділ бөлу, инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау шараларын қарастыратын экономикалық реформалардың жаңа бағдарламасын атап өтті. Елші Қазақстан Премьер-Министрінің атынан Араб Лигасының Бас хатшысын осы жылдың маусым айында Астана халықаралық форумына (AIF) қатысуға шақыру табыстады. Бас хатшы Ахмед Абул Гейт шақыруды ризашылықпен қабылдап, осы шараға қатысуға мүдделі екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Араб Лигасы мен Қазақстан арасындағы байланыстарды жандандыру ниетін растады. Астана халықаралық форумына барлық салалардағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі әртараптандыру және кеңейту мақсатында Лигаға кіретін 22 араб елі мен Қазақстан арасындағы экономикалық серіктестіктің мүмкіндіктерін ашады деген сенім білдірілді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -