Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Дамир Тойбай қазақ боксының негізін қалаушы, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған ХV халықаралық турнирінде күміс жүлдені еншіледі, деп хабарлайды DKNews.kz.
20-24 қыркүйек күндері Ақтау қаласында өткен жарысқа Қазақстаннан бөлек, Қытай, Түркия, Әзірбайжан, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен келген 150-ден астам спортшы қатысты.
92 келі салмақта бақ сынасқан медицина және денсаулық сақтау факультетінің 4-курс студенті Дамир Тойбай қарсыластарынан басым түсіп, ақтық сайысқа жолдама алды. Финалда қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.
Дамир Тойбайдың жаттықтырушысы – ҚазҰУ спорт клубының оқытушысы Демежан Сайдағали.
Айта кетейік, 92 келі салмақ бойынша барлығы 10 спортшы бақ сынасқан болатын.