Қазақстан мен Қытай университеттері академиялық әріптестікті тереңдетуде

5742

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ләззат Еркінбаева Янчжоу университетінің вице-президенті Гун Вэйцзюань бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жүздесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниет білдіріп, білім беру қызметіндегі серіктестіктің басым бағыттарын талқылады.

Проректор құрметті қонақтарға университеттің тарихы мен жетістіктері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар өз сөзінде Ләззат Еркінбаева ҚазҰУ мен Янчжоу университеті арасында жасалған көпжылдық байланыстың жемісті болғанын атап өтті.

«Қос университет арасындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы жақсы дамып келеді. Алдағы уақытта ғылым және медицина салалары бойынша серіктестікті арттыру қажет. Сіздерде бар білім беру бағдарламалары бізде де бар. Сондықтан осы салаларды дамыту маңызды» Ләззат Еркінбаева

Өз кезегінде Гун Вэйцзюань Янчжоу университеті қолға алған жаңа жобалармен таныстырды. Сондай-ақ жүздесу барысында бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру туралы бастама қарастырылды.

Кездесу соңында тараптар ізгі тілектер мен естелік сыйлықтармен алмасты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -