Қазақстан этно-тілдік әртүрлілік бойынша конгресте жетекші түркологтарды жинады

13893

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әлемнің этнотілдік бейнесі және түркі мұрасы» атты II Халықаралық конгресс басталды. Әлемдегі этнотіл байлығын сақтау мен зерттеуге байланысты өзекті тақырыптарды талқылауға арналған жиында тәжірибелі түркітанушылар, лингвистер мен мәдениеттанушылар бас қосты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Конгресті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Түркология және алтаистика ғылыми-зерттеу институты және ҚР Ғылым академиясының А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шара аясында ҚазҰУ мен А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғылыми-зерттеу жобаларының таныстырылымы өтті.

Іс-шараны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаев ашып, университеттің 90 жылдық мерейтойы аясындағы конгрестің түркология саласындағы өзектілігіне тоқталды.

Ректор Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында бауырлас халықтардың мәдени-гуманитарлық байланыстарын нығайтудың маңыздылығына баса мән бергенін айрықша атап өтті.

Жансейіт Түймебаев конгреске қатысушы көрнекті ғалымдарды таныстырып:

«Соңғы уақытта түркі мемлекеттері мен түркітілдес халықтардың ынтымақтастығының артып, гуманитарлық байланыстарға, ғылым мен білім саласындағы интеграцияға ерекше назар аударылуда. Бүгінгі конгресс – біздің тығыз қарым-қатынасымыздың жемісті нәтижесі» Жансейіт Түймебаев

«Бүгінде университетте түркология және тіл теориясы кафедрасы табысты жұмыс істеуде. ҚазҰУ базасында түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу институты құрылды. Қазіргі уақытта орталық мамандары сирек қолжазбалар мен көне кітаптарды зерттеу бойынша ауқымды зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Біз түркі тілдерінің жалпы сөздігін құруға ниеттіміз. Іс-шара түрлі тілдер мен мәдениеттерді қолдау үшін диалог пен білім алмасуды ынталандыруға, түркология мен алтаистиканың тілдік әртүрлілігін сақтау мен ілгерілетуге бағытталған» Жансейіт Түймебаев

Түркі академиясының вице-президенті Асхат Кесікбаев жиынға қатысушыларына құттықтау сөз сөйлеп:

«Конгресс тақырыбы өте өзекті. Бүгінде алты мыңнан астам әлемдік тіл тіркелген. Сонымен қатар, географиялық қауымдастықтардың мәліметтері бойынша, екі апта сайын бір тіл жоғалады, өйткені сол тілде сөйлейтін адамдар жоқ. Жағдай осылай жалғаса берсе, адамзат өркениеті ғасырдың соңына қарай 3,5 мыңға жуық тілден айрылуы ықтимал. Әр бір тілдің өзіндік ерекшелігі бар және ол ерекше әрі әлемнің бейнесін бейнелейді, оның құндылығы сөзсіз» Асхат Кесікбаев

Пленарлық отырыста «Қазақ тілі академиясының» және «Халықаралық Түркология орталығының» президенті, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Ерден Қажыбек, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Элеонора Сүлейменова, Өзбек мемлекеттік әлем тілдері университетінің профессоры Дусмамат Құлмаматов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түркология және алтаистика ҒЗИ атқарушы директоры, профессор Нұрсұлу Шаймерденова, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түркология және тіл теориясы кафедрасының меңгерушісі, профессор Раушангүл Авакова және т. б. сөз сөйледі.

Конгресс бағдарламасында Әзірбайжан, Корея, Қазақстан, АҚШ, Қырғызстан, Ресей мен Өзбекстаннан 100-ден астам қатысушы тіркелді.

Ғалымдар үш күн ішінде мына бағыттар бойынша онлайн және офлайн түрде жұмыс істейді: Тарихи-археологиялық зерттеулер: түркі халықтары қауымдастығының қалыптасуы және эволюциясы; Түркі және алтай тілдері: тарих және қазіргі заман; Тарих тілі және тілдегі тарих; Түркі әлеміндегі көптілді тұлға: ұрпақтардың өшпес рухы; Әр түрлі тілдер мен мәдениеттердегі бірлігі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -