Сауда, инвестициялар, туризм: Қазақстан мен Индонезия өзара тиімді әріптестікке ұмтылуда

444
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Индонезия өңірлері ынтымақтастықты арттыруда, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Елшісі Сержан Әбдікәрімов Бали өлкесінің хатшысы Дева Маде Индрамен кездесті.

Кездесу барысында, Қазақстан мен Индонезия арасындағы өңіраралық ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары егжей-тегжейлі талқыланды.

Дипломат екіжақты ықпалдастықтың ағымдағы жағдайы мен келешектері туралы ақпарат беріп, оны одан әрі кеңейту жөніндегі ойларымен бөлісті.

Сұхбаттасушылар сауда-экономикалық, инвестициялық және туристтік салаларда бірлескен жұмыстың жоғары әлеуетін атап өтті.

Дева Маде Индра өлкенің экономикалық тұстарымен таныстырып, қазақстандық кәсіпкерлерге өзара сауда мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда барынша көмек көрсетуге дайындығын мәлімдеді.

Елші еліміздің тарихымен, қазақ мәдениетінің салт-дәстүрімен таныстырып, сұхбаттасушыны Индонезиядағы қазақстандықтардың қауымдастығымен бірге Наурыз мейрамын атап өтуге шақырды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -